Қар, көктайғақ, тұман: Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 31 қазан күні еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ресейдің еуропалық территориясында орналасқан циклоннан атмосфералық фронттардың келуіне байланысты Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде жауын-шашын болады. Жаңбыр, қар жауады. Кей өңірлерде жел күшейіп, тұман түседі. Солтүстік аудандарда көктайғақ болса, оңтүстікте найзағай күтіледі.

Батыс Қазақстан облысында жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлеріне тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел екпіні 15-20 м/с жетеді.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ күтіледі. Күндіз жел қарқыны - 15-20 м/с.

Жамбыл, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Атырау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Күндіз желдің күші - 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлеріне тұман түседі. Күндіз кей жерлерде жел екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Түркістан, Маңғыстау облыстарында, таңертең және күндіз Қызылорда, күндіз Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді.

Түнде Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен еседі.