Қазақстанның басым бөлігінде ауа ағындардың өтуіне байланысты елдің оңтүстік-шығысында қатты қар жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болып, жел соғады.
Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман, бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Түркістан, Ақмола, Қызылорда, Қостанай облыстарының кей жерлерде тұман түсіп, қатты жел соғады.
Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарында кей жерлерінде тұман болады. Ал Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысында тұман түсіп, жаяу бұрқасын болады.