25 сәуірде сағат 15:10-да Қырғызстан Республикасы Шу облысы Жайыл ауданында Бішкек-Ош тасжолының 131 шақырымында қар көшкіні болып, екі бензин тасымалдаушы көлікті басып қалды.
«Көшкіннің көлемі анықталып жатыр. Жол уақытша жабылды, зардап шегушілер жоқ», - деп атап өтті ТЖМ.