Қазіргі таңда Жамбыл облысы Көксай шатқалындағы іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталды, 7 әскери қызметші қаза тапты. Іздестіру іс-шараларына Қарулы күштердің әскери қызметшілері, Жамбыл облыстық ТЖД жедел жасағы, Шекара қызметінің әскери қызметшілері арнайы техникамен жұмылдырылды.
Қорғаныс министрлігінің басшылығы қаза тапқандардың отбасы мен туыстарына қайғырып көңіл айтады.
ҚР Премьер-министрінің қаулысына сәйкес, Қорғаныс министрлігінің басшылығымен комиссия құрылды.