Қар көшкіні жүруі мүмкін: ШҚО-дағы тасжолдардың бірінде көлік қозғалысына тыйым салынды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүру қаупіне орай жол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірдегі тасжолдардың бірін қар көшкіні жауып қалуы мүмкін.

«Облыстық маңызы бар «Өскемен-Тарғын-Самар» тасжолының 88-145 шақырымында (Жоғарғы Тайынты мен Самар ауылының аралығы) көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа тыйым салынды», - делінген ақпаратта.

Осы ретте, құтқарушылар өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.