Кар көшкінінен Эвересттегі туристік бағыттар бұзылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Эверестте қазіргі уақыттағы туристік бағыттар бойынша тауға шығу мүмкін болмай отыр, деп хабарлады Би-би-си агенттігі.

«Сагарматха» (SPCC) қоршаған ортаның ластануын бақылау бойынша комитет өкілдерінің сөзіне қарағанда, жуырда болған жер сілкінісінен болған қар көшкіні саяхатшылар бағытын бұзған.

Осыған байланысты тіркелген 42 топтың екеуі тауға шығудан бас тартты.

25 сәуірде Непалда 7,9 баллдық жер сілкінісі болды. Зілзаладан 7000-нан астам адам қаза тапты. Соның ішінде 18 альпинист Эверестте қаза тапты.