«Қаза тапқандардың отбасыларына қаржылай және моральдық қолдау көрсетілді. Мұнан бөлек, әрбір отбасыға 5 жылдық ақшалай табыс көлеміндегі бір реттік өтемақы төленетін болады. Ол орташа есеппен шамамен 4-тен 7 миллион теңге көлемінде болмақ. Қазір ол жақта тергеу органдарының өкілдері жұмыс істеуде. Нақты қорытынды комиссия жұмысы аяқталған соң жазбаша түрде беріледі», - деді С.Жасұзақов.
Еске сала кетейік, ақпанның 17-сі күні Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы Көксай шатқалында болған қар көшкіні кезінде әскери дайындықтарын жүргізген жауынгерлер зардап шекті. 16 адам құтқарылса, 7 сарбаз қаза тапты.
17:07, 21 Ақпан 2017
Қар көшкінінен қаза тапқан әскерилердің отбасыларына 7 млн теңгеге дейін өтемақы төленеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында қар көшкінінен қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 7 млн теңгеге дейін өтемақы төленеді. Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметі отырысында ҚР Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.