Қар құрсауында қалған көліктерден 16 адам құтқарылды - Павлодар облысы

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысындағы Ақтоғай ауданы аумағында 6 автокөлік қар құрсауында қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Көліктерде 16 адам болған.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 18 желтоқсан күні сағат 22:00-де Павлодар облысының Ақтоғай ауданында, Ақжол ауылының маңында ауа райының қолайсыздығына байланысты 6 жеңіл автокөлік тұрып қалғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға №15 өрт сөндіру бөлімінен 67 шақырым қашықтықта болған. Төтенше жағдай орнына жеке құрамнан 8 адам және 2 техника жұмылдырылып, 16 адам құтқарылды.
- Барлық азаматтар медициналық көмекке мұқтаж болмаған. Құтқарушылардың жедел және үйлесімді әрекеттерінің арқасында ешкім зардап шеккен жоқ, - деді департаментте.