Қар мен боран: 11 облыс жолдарында қозғалыс қиындауы мүмкін
09:21, 09 Ақпан 2026
АСТАНА. KAZINFORM - 2026 жылғы 9 ақпанда Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Ұлытау, Абай, Қарағанды, Павлодар және Қостанай облыстарының кей жерлерінде қар мен боран болуы ықтимал.
Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлады.
-Осыған байланысты жүргізушілерге жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдардағы ауа райы назарға алуларыңызды сұраймыз. 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады,-делінген хабарламада.
Осыған дейін республика жолдарындағы жағдайы туралы мәліметтерді жариялаған едік.