«Қазгидромет» РМК хабарлауынша, алдағы күндері Алматыда қар жауып, көктайғақ болады. Ауа температурасы төмендейді.
21 қазан күні қалада көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғып, таңертең және күндіз оның күші 10 м/с жетуі ықтимал. Ауа температурасы күндіз плюс 16-18, ал түнде 8-10 градусты көрсетеді.
22 қазанда күн бұлтты. Жаңбыр жауып, арты қарға ұласады. Жолдарға мұз қатып, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 10 м /с күшейеді. Ауа температурасы төмендейді.
Бұған дейін Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті күн райына қатысты ескерту жариялаған болатын.
Ертең Алматы тауларында күндiз жаңбыр және қар жауып, найзағай ойнайды. Тұман түсіп, көктайғақ болады.