— Бүгін Алматы, Абай, Шығыс Қазақстан және Жетісу облыстарында жаңбыр аралас қар жауып, кей жерлерде қар күтіледі. Осыған байланысты республикалық автожолдардың жекелеген бөліктерінде көріну қашықтығы төмендеп, жол беті тайғақ болуы мүмкін. Жүргізушілерге ауа райын ескеріп, қауіпсіз арақашықтықты сақтауды, жол жағдайына қарай жылдамдықты таңдауды және оқыс маневр жасамауды ұсынамыз, — деп ескертті компаниядан.
Бұған дейін алдағы күндері атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын күтілетінін жаздық. 15 қазанда елдің шығысы мен оңтүстік-шығысында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады. Елдің шығысында көктайғақ болады. Тек республиканың орталығы мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.