Қар мен жаңбыр: Ақтөбелік синоптиктер ертеңгі ауа райы болжамын айтты

АҚТӨБЕ. KAZINFORM — Ертең Ақтөбе облысының бірнеше ауданында жаңбыр, қар жаууы ықтимал. Төтенше жағдайлар қызметі жел күшейетінін айтып, ескерту жасады.

Фото: Pixabay.com

Ақтөбе облысында ауа райы күрт өзгерді. Ертең де Әйтеке би, Ырғыз, Мұғалжар, Темір аудандарында қар аралас жаңбыр жаууы ықтимал. Ауа температурасы түнде -1 2 °С, күндіз 9 14 °С болады.

— Ақтөбе қаласында ауа райы көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады. Жердің екпіні 9-14, кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 1 2 °С, күндіз 10 12 °С жылы болады. Ақтөбе облысында жел солтүстік-шығыстан соғады. Күші секундына 9-14 метрге, ал өңірдің оңтүстігінде, шығысында кей уақыттарда 23-28 метрге жетеді, — деп хабарлады «Қазгидромет» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалы.

Қазіргі кезде қатты желдің салдарынан Ақтөбе қаласының орталығында ту уақытша түсірілді. Қала әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, ту жел басылған соң ғана қайта ілінеді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, «Қазгидромет» РМК синоптиктері 2026 жылғы 14–16 сәуірге арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын жария етті. Болжамға сәйкес, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде бұлтты және жауын-шашынды ауа райы күтіледі.