Абай облысында түнде және таңертең облыстың шығысында тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында оңтүстіктен соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетіп, күндіз екпіні 25 м/с болады. Облыстың солтүстігі мен орталығында өрт қаупі жоғары, солтүстік-батысында өте жоғары деңгейде сақталады. Семейде жел оңтүстік-шығыстан, таңертең және күндіз оңтүстіктен соғады, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.
Ақтөбе облысының батысы мен солтүстігінде түнде көктайғақ болады. Облыстың шығысында өрт қаупі жоғары, ал батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында және орталығында өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде түнде жаңбыр, қар түрінде жауын-шашын түседі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде жаңбыр жауады. Оңтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан, облыстың солтүстігінде, батысында және оңтүстігінде батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 25 м/с болады. Облыста өрт қаупі жоғары, оңтүстігінде өте жоғары деңгейде сақталады. Атырау қаласында күндіз батыстан жел соғып, екпіні 15-18 м/с-қа жетеді. Өрт қаупі өте жоғары.
Ақмола облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман болады.
Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысып, екпіні кей уақытта 16-21 м/с-қа жетеді. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында және орталығында өрт қаупі өте жоғары деңгейде сақталады. Қонаевта оңтүстік-шығыстан соққан жел батысқа ауысып, екпіні кей уақытта 16-21 м/с болады.
Іле Алатауының тауларында, соның ішінде Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтарында 4 қазанда оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысып, екпіні кей уақытта 16-21 м/с-қа жетеді. Өрт қаупі өте жоғары.
Шығыс Қазақстан облысының шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Жел шығыстан, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында оңтүстік-шығыстан соғады, жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с болады. Облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде өрт қаупі жоғары, оңтүстік-шығысында өте жоғары деңгейде сақталады. Өскеменде шығыстан, таңертең және күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15-18 м/с болады.
Жамбыл облысының батысында және таулы аудандарында түнде жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр мен найзағай күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде және таулы аудандарында қатты жаңбыр, бұршақ және қатты жел болуы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23-28 м/с болады. Облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде өрт қаупі өте жоғары, оңтүстік-батысы мен оңтүстік-шығысында жоғары деңгейде сақталады. Таразда күндіз жаңбыр мен найзағай күтіледі. Таңертең және күндіз оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Өрт қаупі жоғары.
Жетісу облысында Алакөл көлдері маңында оңтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23-28 м/с-қа жетеді. Облыстың шығысында өрт қаупі өте жоғары деңгейде сақталады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде жаңбыр, қар түрінде жауын-шашын түседі. Солтүстігінде және шығысында түнде және таңертең тұман болады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде батыстан, солтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 25 м/с болады. Облыстың оңтүстігі мен шығысында өрт қаупі жоғары. Оралда жаңбыр, қар жауады. Түнде және таңертең тұман түседі.
Қарағанды облысының солтүстік-батысында, шығысында және оңтүстігінде өрт қаупі жоғары. Батысында, солтүстігінде және орталығында өрт қаупі өте жоғары деңгейде сақталады. Қарағандыда оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с болады.
Қостанай облысының батысында және солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде өрт қаупі жоғары. Қостанайда түнде және таңертең тұман болады.
Қызылорда облысының шығысы мен солтүстігінде жаңбыр, найзағай, шквал және шаңды дауыл күтіледі. Жел батыстан, облыстың солтүстігінде, батысында және орталығында оңтүстік-батыстан соғады, жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с болады. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 1 градус қатқақ күтіледі. Облыста өрт қаупі өте жоғары, солтүстігі мен орталығында жоғары деңгейде сақталады. Қызылордада түнде жаңбыр мен найзағай болады. Өрт қаупі өте жоғары.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында жаңбыр түрінде жауын-шашын күтіледі. Солтүстігінде және орталығында түнде және таңертең тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан, облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 25 м/с болады. Облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында өрт қаупі жоғары. Ақтауда күндіз солтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-18 м/с-қа жетеді. Өрт қаупі жоғары.
Павлодар облысында облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с болады. Облыста өрт қаупі жоғары, солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында өте жоғары деңгейде сақталады. Павлодарда оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с болады.
Солтүстік Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Петропавлда да түнде және таңертең тұман болады.
Түркістан облысында жаңбыр мен найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында қатты жаңбыр жауады. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23-28 м/с болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында өрт қаупі өте жоғары деңгейде сақталады. Шымкентте жаңбыр, найзағай, күндіз кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с болады. Түркістанда да жаңбыр, найзағай, күндіз кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Өрт қаупі өте жоғары.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде күндіз жаңбыр, қар түрінде жауын-шашын түседі. Жел оңтүстік-батыстан соғып, облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23 м/с болады. Өрт қаупі өте жоғары. Жезқазғанда оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с болады. Өрт қаупі өте жоғары деңгейде сақталады.
Осыған дейін күздің соңғы жылымығы - мизамшуақ нені білдіретіні туралы жазғанбыз.