Режиссер Алексей Цицилиннің туындысы Wizart Animation студиясының «Қар патшайымы» франшизасының бірінші бөлімінің жалғасы болып табылады.
«Желтоқсаның 24-інен бастап Ресейдің «Қар патшайымы-2» толықметражды фильмі Оңтүстік Кореяға прокатқа шығарыла бастады. 25 желтоқсандағы жағдай бойынша кешкісін кассаға түскен ақша 1,3 миллион долларды құрады», - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Аталған мультфильм жыл аяғында сонымен бірге Латвия, Эстония мен Литвада, ал келесі жылдың бірінші қаңтарынан бастап Ресей, Хорватия, Сербия, Черногория, Босния мен Герцоговина, Албания, Словения, Македония мен Украинада көрсетіле бастайды.