Қар тазалауға арналған техникалар қысқа дайын - Астана

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада алдағы қысқы маусымға дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі кезде қар тазалауға арналған 265 техника дайын. Бұл туралы аstana.kz сайты «Астана-Тазалық» ЖШС-ге сілтемемен хабарлады.

«15-25 қазан аралығында коммуналдық техникаларды тексеру өткізіледі. Өзіміздің қондырғылардан басқа, тиісті жұмыстарға қар шығаруға арналған басқа да техника - самосвалдар тартылады. Бір ауысымда қосымша 150-200 жуық КамАЗ жалдаймыз», - деді «Астана Тазалық» ЖШС бас директоры Әзімбек Басқанбаев.

Қыста Астанада күшті аяз тұрып, жолдар мен тротуарларда көктайғақ болатындықтан ұйым 25 000 м3 тұзды-құм қоспасын дайындады. Бұдан басқа, қосымша 40 000 м3 құм әкелу жоспарланған.

Қыс кезінде елордалықтардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін жұмыскерлер жолдарды және олардың жиектерін қардан тазалап, сыпырып, жинайды. Күн сайын тиісті жұмыстарға 750 арнайы техника мен 405 жұмысшы тартылады.