Қазақстанда Билайн сауда белгісімен жұмыс жасайтын байланыс операторы басшылығындағы кадрлық өзгеріс бойынша ол Ресейге қайтқан Сергей Мироновтың орнына келіп отыр.
Т.Пархоменко өз қызметіне енді 1 ақпаннан бастап кіріспек. 1974 жылы 18 сәуірде Украинаның Лохвица қаласында өмірге келген ол 1996 жылы Киев халықаралық азаматтық авиация университетінде инженер-системотехник және экономист мамандығын алған болатын. Ал 2002 жылы британдық Чартерлік маркетинг институтын (CIM) тәмамдады.
Еңбек жолын 1996-2002 жылдары «Голден Телеком» компаниясында маркетинг және стратегиялық жоспарлау саласынан бастады. 2003-2006 жылдары «АРТЕРИУМ» фармацевтикалық корпорациясында маркетинг жөніндегі директор, 2006 жылы «Киевстр» компаниясының стратегиялық мәселелер бойынша маркетингтік директорының орынбасары, 2007-2010 жылдары директор, ал 2010 жылдан бастап Басқарма мүшесі болды.
2011, 2012 жылдары «Marketing Media Review» журналы 2 мәрте оны Украинаның үздік маркетингтік директоры, «Компаньон» журналы - елдегі үздік маркетологтардың бірі, «Инвестгазета» Украинаның ең үздік 7 топ-менеджерінің «Арман командасы» құрамына қосты.