АСТАНА. KAZINFORM — Қазгидромет синоптиктері 29 қаңтар, дүйсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады.
Атмосфералық фронттарға байланысты әлі де Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.
Жауын-шашын (көбіне қар) жауады.
Оңтүстік, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын болады.
Қазақстан бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады.
Оңтүстік, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында бұрқасын көтеріліп, жел күшейеді.
Жанат Қапалбаева
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын аймақтық басылымдардан бастаған.
Төрт тіл біледі, кәсіби аудармашы.
2018 жылдан бері – Kazinform шығарушы редакторы.
ҚР Журналистер одағының мүшесі.