АСТАНА. KAZINFORM — Қазгидромет синоптиктері 4 ақпан, жексенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады.
Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттарға байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.
Синоптиктердің болжамынша қар аралас боран болады. Еліміздің батыс аймақтарында жаңбыр аралас қар түседі.
ҚР бойынша тұман шөгіп, жел күшейеді. Батыс аймақтарда көктайғақ болады.
Бақытгүл Абайқызы
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің түлегі. Л.Н. Гумелев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің магистрі. "Ақпарат саласының үздігі" салалық төсбелгі иегері (2018 ж.)