Атмосфералық фронттар Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипатына себепші болады.
Салдарынан қар жауады.
Тек елдің оңтүстігінде жоғары атмосфералық қысым әсерінен күн ашық болады, жауын-шашын жаумайды.
Қазақстан бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады. Елдің солтүстік жартысында жаяу бұрқасын соғады.
Республика бойынша температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді.