Қар, тұман, көктайғақ: Қазгидромет ақпанның 28-і күнгі ауа райы болжамын жариялады

Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК-сы ақпанның 28і күнгі ауа райы болжамын жариялады.

Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде қар жауады. Республика бойынша тұман түсіп, елдің оңтүстігінде, орталығында көктайғақ болады. Еліміздің солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында жел күшейіп, бұрқасындатады.

Түнде Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде қалың қар жауады.

Осыған дейін ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше облыста жол жабылғаны туралы жаздық.