«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. желдің күші 15-20 м/с артады.
Ақмола облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.
Павлодар облысының кей жерлерінде көктайғақ, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болжанады. Жамбыл облысының жекелеген аумағында күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау, күндіз Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с артады. Маңғыстау облысында шаңды дауыл күшейеді.
Алматы, Түркістан, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болуы ықтимал.