Қар, жаңбыр, жел: 10 қараша күнгі ауа райы болжамы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазгидромет 10 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сәрсенбіде солтүстік-батыс циклонның және онымен байланысты атмосфералық ауа ағындарының әсерінен республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде болады. Шығыс, орталық және оңтүстік өңірінде ғана күн ашық. Еліміздің басым бөлігінде жел күшейеді, солтүстігінде жел жаяу бұрқасынмен күтіледі, батысында және солтүстігінде – тұман, солтүстік-батысында көктайғақ болуы ықтимал.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, басым бөлігінде жел 15-20, облыстың оңтүстік-батысында екпіні 25 м/с дейін күшейеді.

Ақмола облысының түнде солтүстік-батысында, күндіз басым бөлігінде жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с жетеді. Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының солтүстік-батысында тұман, батысында желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі.

Алматы облысының Алакөл көлдері ауданында жел тұрады - 17-22, екпіні 25 м/с.

Күндіз Маңғыстау облысының батысында тұман, желдің жылдамдығы - 15-20 м/с.

Күндіз Ақтөбе облысының солтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай облысының солтүстігінде көктайғақ болуы мүмкін, солтүстік-шығысында, шығысында жел тұрып, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Павлодар облысының оңтүстік-батысында желдің күшеюіп, жылдамдығы 18 м/с болады.

Түнде және таңертең Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түседі.