Қара алтын бағасы арзандады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондон және Нью-Йорк шикізат биржаларындағы сейсенбі күнгі сауда-саттықта мұнайдың бағасы айтарлықтай төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Лондонның ICE Futures биржасында қаңтар айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстері 0,95 долларға дейін арзандап, бір баррель мұнайдың бағасы 62,21 долларды құрады.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы мұнайдың желтоқсан айында жеткізілетін фьючерстері 1,06 долларға арзандап, бір баррелі 55,7 долларды құрады.