Шара кезінде үш есірткі тасымалдаушы тұтқынға алынды, оларды тінту барысында 75 мың еуро табылды. Полицияның мәліметтеріне қарағанда, есірткі машинамен Мароккодан әкелінген және Испания мен Францияның оңтүстік аудандары арқылы тасымалданған. Қылмыскерлердің Парижден 40 шақырымдай жердегі Гре-Арменвилье қаласында есірткілік заттар сақтайтын құпия қоймасы болған.
03:41, 11 Наурыз 2014
«Қара базарда» құны 11 млн еуро болатын біржарым тонна гашиш тәркіленді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Француз полицейлері Париждің оңтүстік-шығысындағы Сена және Марна департаменттері аумағында «қара базарда» құны 11 млн еуро болатын біржарым тонна гашишті тәркіледі.