Ол көпшіліктің көз алдында жанарымен екі пұт кір тастарын көтеріп, оларды 30 секунд бойы түсірмей ұстап тұрған. Бұл өнерін ол Грузияда өткен ауыр атлеттердің жарысы кезінде паш етті. Бейнежазбада Гусейновтың көз жанарына арнайы металл ілгектерді салып, 16 килограмдық кір тастарын көтергені анық көрінеді. Тіпті мұны да азсынған ол қолына тағы екі кір тасын алды. Кавказдағы әлемдік рекордтар федерациясы рекордшыны арнайы Кубокпен, медальмен және дипломмен марапаттады, деп хабарлайды Daily Mail.