Қара теңізде 14 мың қой тиелген жүк кемесі аударылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Румынияда 14 мың қой тиелген жүк кемесі аударылды, деп хабарлайды ВВС.

Малды аман алып қалуға елдің полицейлері , өрт сөндірушілері және әскери-теңіз флоты жұмылдырылды.

Жексенбі күні таңертең Теңіз мұхитындағы аралдық Палау мемлекеті туы астында келе жатқан үлкен Queen Hind жүк

кемесі румындық Мидия портынан шыққаннан соң Қара теңіз жағалауында аударылып кеткен.

Бортта 22 экипаж мүшесі - Сербия азаматтары болған. Олардың бәрі құтқарылды.

Бірақ құтқарушылардың айтуынша, қойлардың көпшілігі суға батып кеткен.

Судноның неліктен аударылғаны әзірге белгісіз.