Қара теңізде бортында 55 адам болған кеме аударылды

КРАСНОДАР. ҚазАқпарат - Қара теңіз алабына жататын Джубга өзенінің теңізге құяр сағасында жұмаға қараған түнде аударылып кеткен кеменің бортында 55 адам болған. Бұл туралы Туапсин ауданының басшысы Анатолий Русинге сілтеме жасап, ТАСС агенттігі хабарлады.

«Полицияның анықтауынша, апатқа ұшыраған катамаранның бортында 55 адам болған, соның 15-і - бала», - дейді Русин. Құтқарылғандардың ешбірі медициналық көмекке зәру болмаған.

Оның сөзіне қарағанда, оқыс оқиға жағажай аумағында болмаған. «Ол теңіз саяхаты еді, жағажайдың аумағы қоршалмаған», - дейді ол.

Келеңсіз жағдай жұма күні кешкісін болған. Апат салдарынан екі адам қаза тапты. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, кеменің иесі мен капитан ұсталды.