Новороссийск теңіз құтқару-үйлесіру орталығы оқыс оқиға салдарынан 11 адамның қаза тапқанын мәлімдеді.
Тағы жеті адамды іздеу жұмыстары жалғасуда. Төтенше қызметтегі дереккөздің айтуынша, кем дегенде 11 адам ажал құшқан.
Сондай-ақ Росморречфлот, "Кандий" кемесінде 17 адам болған, оның жетеуі - Түркияның, сегізі Үндістанның азаматтары. Ал екінші "Маэстро" кемесінде 14 адам, жетеуі -Түркия және жетеуі Үндістан азаматтары.
Өрт бір кемеден екіншісіне сұйық отынды берген кезде техникалық қауіпсіздікті сақтамаудан шығуы мүмкін, деп мәлім етті жедел қызметтегі дереккөз.