Қара теңізде Грекияның туымен жүрген танкерден мұнай төгілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қара теңізде Minerva Symphony танкерінен мұнай төгілді. Оқиға 7 тамызда Ресейдің Краснодар өлкесінде «Каспий құбыр консорциумы» терминалында мұнай тиеу кезінде болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК-ға сілтеме жасап.

Мұнай құятын құрылғысы бар терминал Оңтүстік Озереевка кентіндегі айлақтың маңында, жағадан 600 метр жерде орналасқан. Шығын көлемі туралы ақпарат жоқ. Акваторияның ластану ауданы – 200 шаршы метр.

Minerva Symphony танкері Пирей портына тиесілі және Грекияның туымен жүреді.

Ресейдің теңіз және өзен көлігі агенттігінің мәлімдеуінше, мұнайдың жағалау аймағынан тыс жерге – одан шамаман 6 шақырым жерге төгілген. Қазіргі кезде мұнай төгілген маңға жүзетін бөгеттер қойылды.

Каспий құбыр консорциумы ластанған жерді өзі тазаламақ. Атап айтқанда, жедел штаб құрылып, апаттық-құтқару бөлімшелерін жұмылдырылған.