Қара теңіздегі ұшақ апатынан мерт болған 11 адамның мәйіті шығарылды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қара теңіздегі Ту-154 ұшағынан опат болған 11 адамның мәйіті құтқару кемесінің бортына шығарылды, деп хабарлады "Интерфакс» Ресей Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Ту-154 апатқа ұшыраған жердегі сүңгуірлер тобының саны 109 адамға дейін көбейді, ұшақтың фюзеляжін және ірі сынықтарын іздеу үшін суға түсіру басталды.

РФ Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, ВТА ұшағымен  ұшқышсыз басқарылатын  "Орлан-10" жеткізілген. Ол таяу уақытта  әуеден су астындағы жағдай жөнінде мониторинг жүргізуге кіріседі.