Қара теңізден Ту-154 ұшағының фузеляжы табылды
19:31, 26 Желтоқсан 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сүңгуірлер Қара теңізден Ту-154 ұшағының фюзеляжын тапты, алдын ала ақпарат бойынша сынықтар жағалаудан бір миль 27 метр тереңдікте жатыр, деп хабарлады РИА Новости РФ ТЖМ өңірлік іздеу-құтқару жасағына сілтемемен.
«Жиырма алтыншы желтоқсанда 13.20-да Ресей ТЖМ сүңгуірлері таяуда апатқа ұшыраған ұшақтың фюзелажын тапты. Алдын ала ақпаратқа сәйкес сынықтар ұшу жолағы бағыты бойынша жағалаудан 1 миль қашықта 24 метр тереңдіктен табылған», - делінген хабарламада.
Сирияға бет алған РФ ҚМ Ту-154 ұшағы жексенбі күні таңертең Қара теңізге құлаған. Ведомствоның алдын ала деректеріне сәйкес бортта 92 адам болған, оның 8-і - экипаж мүшесі, 84-і жолаушы.