«Жиырма алтыншы желтоқсанда 13.20-да Ресей ТЖМ сүңгуірлері таяуда апатқа ұшыраған ұшақтың фюзелажын тапты. Алдын ала ақпаратқа сәйкес сынықтар ұшу жолағы бағыты бойынша жағалаудан 1 миль қашықта 24 метр тереңдіктен табылған», - делінген хабарламада.
Сирияға бет алған РФ ҚМ Ту-154 ұшағы жексенбі күні таңертең Қара теңізге құлаған. Ведомствоның алдын ала деректеріне сәйкес бортта 92 адам болған, оның 8-і - экипаж мүшесі, 84-і жолаушы.