Газ табылған «Домино-1» ұңғысы «Нептун» блогында Румыния жағалауынан 170 шақырым жерде орналасқан. Блокты ExxonMobil мен австриялық OMV тобы (Petrom бақылауында) барлауда.
Компанияның хабарламасында егер әлеуетті қорлар қуатталса, онда бұл ашылым OMV-ның бүкіл тарихындағы ірі газ жобасы болмақ, деп атап өтілген. Онда әріптестердің кенішті барлауға инвестициялары бірнеше миллиард долларға жетпек.
Бұл хабардан кейін Вена қор биржасында OMV акциялары 3,2 пайызға, Petrom акциялары 5,2 пайызға өсті.