10:29, 09 Қаңтар 2009
Карачиде кедейлер орамында болған өрт салдарынан 38 адам қаза болды, 25 адам зардап шекті
КАРАЧИ. Қаңтардың 9-ы. ҚазАқпарат - Пәкістанның Карачи қаласында кедейлер орамында болған өрт салдарынан 38 адам қаза болып, 25 адам зардап шекті.
Алдын-ала мәліметтер бойынша, өртке үзіліп кеткен жоғары кернеулі сымның үйлердің бірінің шатырына құлауы себеп болған. Жалын тілі көрші үйлерді шарпып, көптеген жайларды күлге айналдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап.