Нақтырақ айтар болсақ, оқиға Қарағанды-Астана тас жолында болған. Мұндағы кейбір көліктер кешеден бері кептелісте тұр.
Жол полициясы қызметкерлерінің басшылығымен сағат 16:00-де автокөліктер елордағаға қарай бағыт алды. Жалпы саны 150 көліктен құралған 10 колонна болды.
Бұған дейін хабарланғандай, Қарағанды облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты жол жабылған болатын.
Естеріңізге сала кетейік, синоптиктер Астанада және еліміздің 14 облысында күн райына байланысты дауылды ескерту жариялады.