Құжатқа сәйкес, ұзындығы 48 шақырым ақылы автомобиль жолмен жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері көліктердің санатына қарай мынадай сома болмақ:
- жеңіл көліктер үшін алдын ала төлем жасалғанда 260 теңгені, кейіннен төлем жасалғанда 300 теңге;
- 16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға (бұдан әрі – тн) дейін жүк автомобильдері үшін алдын ала төлем жасалғанда 650 теңгені, кейіннен төленгенде 760 теңге;
- 32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тоннаға дейін жүк автомобильдері үшін алдын ала төлем жасалғанда 1 280 теңге, кейіннен төленгенде 1 500 теңге;
- 32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тоннаға дейін автопоездар үшін алдын ала төлем жасалғанда 1 910 теңге, кейіннен төленгенде 2 250 теңге;
- жүк көтергіштігі 10 тоннадан жоғары 15 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері үшін алдын ала төлем жасалғанда 2 570 теңге, кейіннен төленгенде 3 020 теңге;
- жүк көтергіштігі 15 тоннадан жоғары, оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыштар үшін алдын ала төлем жасалғанда 3 200 теңге, кейіннен төленгенде 3 760 теңге болады.
Автокөлік құралының түріне және жүк көтергіштігіне байланысты жергілікті автокөлік үшін 1 айлық және 1 жылдық абонементтер қарастырылған. Атап айтқанда:
- жеңіл көліктер үшін 1 айлық абонемент қарастырылмаған, ал 1 жылға 3 692 теңге;
- 16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға (бұдан әрі – тн) дейін жүк автомобильдері үшін 1 айға 7 384 теңге, 1 жылға 73 840 теңге;
- 32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тоннаға дейін жүк автомобильдері үшін 1 айға 14 768 теңге, 1 жылға 147 680 теңге;
- 32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тоннаға дейін автопоездар үшін 1 айға 22 152 теңге, 1 жылға 221 520 теңге;
- жүк көтергіштігі 10 тоннадан жоғары 15 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері үшін 1 айға 29 536 теңге, 1 жылға 295 360 теңге;
- жүк көтергіштігі 15 тоннадан жоғары, оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыштар үшін 1 айға 36 920 теңге, 1 жылға 369 200 теңге болады.
Айта кетейік, Қарағанды айналма жолын ақылы негізде пайдалану мерзімі 20 жыл деп белгіленбек. Бұйрық жобасы 9 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауға шығарылып отыр.
Бұған дейін Антикордың араласуынан кейін «Қарағанды-Балқаш» автожолын қайта жаңарту кезінде анықталған ақаулар жойылғанын жазған болатынбыз.