Қарағанды қаласы әкімінің ұялы телефонына хакерлік шабуыл жасалды

АСТАНА. ҚАРАҒАНДЫ – Қарағанды қаласының әкімі Мейрам Кожуховтың ұялы телефонына әлдебіреулер хакерлік шабуыл жасаған. Ол туралы қала басшысы әлеуметтік желідегі жеке парақшасында мәлім етті.

Фото: Қарағанды әкімдігі

«Менің ұялы телефоным бұғатталды. Өтініш, жауап бермеулеріңізді және ештеңе жібермеулеріңізді сұраймын», - деген жазба қалдырды Мейрам Кожухов Instagram-stories желісінде.

Айта кетейік, Мейрам Кожухов Қарағанды қаласының әкімі болып былтыр қаңтарда тағайындалды.

Оның кандидатурасын өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаев қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында ұсынған еді.