Қарағанды қаласында АЭС салу мәселесі бойынша жария талқылау өтті
ҚАРАҒАНДЫ. KAZINFORM – 5 шілдеде Қарағанды қаласында Қазақстанда атом электр станциясын (АЭС) салу жөніндегі жоспарларды жария талқылау өтті.
Қоғамдық талқылауға қала тұрғындары, қоғам қайраткерлері мен экологтар қатысты.
«Тыңдау аясында Энергетика министрлігінің, „Қазақстандық атом электр станциялары“ ЖШС, Ұлттық ядролық орталық және Ядролық физика институтының өкілдері сөз сөйлеп, АЭС салудың артықшылықтары, қазіргі атом станцияларының қауіпсіздігі, жұмыс принциптері және АЭС-тің қоршаған ортаға және адам денсаулығына әсер ету деңгейі туралы айтып берді», — деп жазды Энергетика министрлігінен.
Кездесуді қорытындылай келе, қатысушылар АЭС салу жобасы туралы жұртшылықты одан әрі хабардар етудің және Қазақстанда атом энергетикасын дамытуға байланысты мәселелерді талқылауға азаматтарды белсенді тартудың маңыздылығын атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша жалпыұлттық референдум өткізуге бастамашы болды.
Ағымдағы жылдың маусым айында Қасым-Жомарт Тоқаев референдум биыл күзде өтетінін мәлімдеді.