Еске салайық, бүгін Қарағанды облысының бас шаһарында абоненттердің басым дені жарықсыз қалған болатын.
Кейін өңір әкімі Ермағанбет Бөлекбаев облыс тұрғындарына мәлімдеме жасап, бүгін таңертең Қарағанды қаласының ЖЭО-3 станциясында және Топар ГРЭС-2-де штаттан тыс жағдай орын алғанын айтты.
«Қазіргі сәтте Топар ГРЭС-2 жүктемені көтеріп жатыр және менің тапсырмаммен бірінші орынбасарым Вадим Басин болған жағдайды анықтау үшін станцияға аттанып кетті. Жүктемені көтеру және өңір тұтынушыларына электр жарығын қысқа мерзімде беру үшін KEGOC-пен және барлық станциялармен барлық шаралар қолға алынып жатыр», - деген болатын Ермағанбет Бөлекбаев.