Қазіргі уақытта қанша абонент энергиядан ажырап қалғаны белгісіз. Себебі анықталып жатыр.
«Қорғаныс тетігінің іске қосылуынан ЖЭО-3-те технологиялық ақау туындады, салдарынан 220 кВ-тық Ашық тарату құрылғысы тоқтап қалды. Себебі мен мән-жағдай анықталып жатыр, сондай-ақ жарықсыз қалған абоненттер саны да нақтылануда», - деді қала әкімдігінің баспасөз қызметінде.
Кешегі нөсер жауынның төтенше жағдайға қатысы бар-жоғы әзірге белгісіз. Еске салсақ, Қарағандының бірнеше көшесі су астында қалған болатын.