Апат 8 қыркүйекте Қарағандыдан шамамен үш шақырым жерде, «Волынский» мал шаруашылығы қожалығының маңында болған. «Газель» автокөлігі мен «Қарағанды — Жәйрем» бағыты бойынша қатынайтын маршруттық автобус соқтығысқан.
Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін сақтауға, жол және ауа райы жағдайына қарай жылдамдықты дұрыс таңдауға, қауіпсіз арақашықтықты сақтауға және қала сыртындағы жолдарда барынша мұқият болуға шақырды.
Апаттың себептері мен барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Еске салайық, 6 қыркүйек күні таңертең Қарағандыда жеңіл автокөлік пен маршруттық автобус соқтығысқан жол апаты болған еді. Оқиға орнында бір адам қаза тапты.