Қарағанды маңындағы жол апатынан 2 адам көз жұмды
ҚАРАҒАНДЫ. KAZINFORM – Жол-көлік оқиғасы 18 сәуір күні таңғы сағат 5:30-да «Алматы-Қарағанды» автожолында, Қарағандыдан 25 шақырым қашықтықта болған, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің тілшісі.
– «Альфард» автомобилінің жүргізушісі көлік тізгініне ие бол алмай, жол жиегіне аударылып кеткен. Жол-көлік оқиғасынан екі жолаушы оқиға орнында қаза тапты, - деп хабарлайды Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, оның шеңберінде қажетті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Қарағанды облысының полиция департаменті жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертеді. Әсіресе, ұзақ сапар кезінде арнайы жабдықталған кемпингтер мен алаңдарды пайдалана отырып, демалу қажеттігін есте сақтау маңызды.
Еске салайық, бұған дейін Атбасар қаласында Mercedes көлігі 4 жаяу жүргіншіні қағып кеткенін хабарланған едік.