Әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ҚР Жер кодексінің 92-бабына сәйкес, ведомство компанияға ҚР Жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды бір жыл мерзімде жою туралы нұсқама берген.
Нұсқаманың орындалмауына байланысты сотқа учаскелерді мәжбүрлеп алып қою туралы талап қойылды. Қарағанды облысының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2024 жылғы 3 шілдедегі шешімімен департаменттің талап арызы қанағаттандырылды. Сот шешімі заңды күшіне енді.