Қарқаралы ауданының прокуратурасы 558 481 373 теңге сомасындағы бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына жолбермеді.
Аудан прокуратурасы 2026–2028 жылдарға арналған аудандық бюджетті бекіту кезінде бюджет заңнамасының сақталуына жүргізген тексеру нәтижесінде 210 000 000 теңге көлемінде бюджетті негізсіз жоспарлау фактісін анықтады.
Аудан прокуратурасы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 91-бабы талаптарының бұзылуы бойынша қадағалау актісін енгізді. Атап айтқанда, сметалық есептер мен жобалық-сметалық құжаттамаға енгізілген түзетулердің баға қалыптастыруын растайтын құжаттардың болмауы, қаржыландырылатын нысанның бюджет әкімшісінің балансында болмауы, сондай-ақ әлеуметтік маңызы жоқ маршрутты субсидиялау фактілері анықталды.
Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу порталын мониторингілеу нәтижесінде «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының талаптарының бұзылу фактілері анықталды. Атап айтқанда, бюджет қаражатын оңтайлы әрі тиімді жұмсау қағидаттарының сақталмауы және әлеуетті өнім берушілерге тең мүмкіндіктер берілмеуі орын алған.
Аудан прокуратурасының наразылығы бойынша жалпы сомасы 3 090 000 000 теңге болатын мемлекеттік сатып алулардың күші жойылып, бюджетке қаражат қайтарылды және 348 481 373 теңгенің негізсіз пайдаланылуына жол берілмеді.
Қадағалау актісін қарау қорытындысы бойынша бюджет қаражаты әлеуметтік маңызы бар жобаларға қайта бөлінді. Сондай-ақ 31 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, олардың қатарында аудан әкімінің орынбасары да бар.
Айта кетелік Атырау прокуратурасы мемлекетке миллиондаған активтерді қайтарған еді.