Қарағанды облысында әкімдіктің бұрынғы бухгалтері 5 миллион теңге жымқырғаны үшін сотталды

Фото: Фото: Kazinform

ҚАРАҒАНДЫ. KAZINFORM – Прокуратура жүргізген тексерудің нәтижелері бойынша Қарағанды облысында кент әкімі аппаратының бухгалтері сотталды. Бұл туралы Қарағанды облысының прокуратурасы мәлім етті.

«Осакаров ауданының прокуратурасы Молодежный кенті әкімі аппаратының бұрынғы бухгалтері 2022-2023 жылдар аралығында өзіне жалпы сомасы 5 миллион теңгеден астам жалақыны негізсіз есептегенін анықтады. Алаяқтық фактісі бойынша прокуратура қылмыстық іс тіркеді», - делінген хабарламада.

Осакаров аудандық сотының үкімімен Молодежный кенті әкімі аппаратының бұрынғы бухгалтері кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасына сотталды.

Мемлекетке келтірілген шығын толығымен өтелді.