Қарағанды облысында ауа райына байланысты жолдар жабылады

Фото: Мақсат Шағырбаев / Kazinform

ҚАРАҒАНДЫ. KAZINFORM – 25 ақпан күні сағат 23:00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты Қарағанды облысындағы бірқатар республикалық маңызы бар автожолдарда көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады.

Атап айтқанда, жолаушылар тасымалдайтын рейстік автобустар мен дизель отынымен жүретін автокөліктер үшін қозғалысқа тыйым салынады:

– «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолының 1066-1135 шақырым аралығы, яғни Молодежный кентінен Павлодар облысының шекарасына дейінгі бөлігі;

– «Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ботақара» автожолының 231-324 шақырым аралығы, Павлодар облысының шекарасынан Ботақара кентіне дейін.

Жол қозғалысын 26 ақпан күні сағат 09:00-де қайта ашу жоспарланған.

Қосымша ақпаратты тәулік бойы 1403 байланыс орталығына хабарласу арқылы алуға болады.

Бұған дейін 25 ақпанда елдегі қай жолдарда қозғалыс шектелгені хабарланды