Атап айтқанда, жолаушылар тасымалдайтын рейстік автобустар мен дизель отынымен жүретін автокөліктер үшін қозғалысқа тыйым салынады:
– «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолының 1066-1135 шақырым аралығы, яғни Молодежный кентінен Павлодар облысының шекарасына дейінгі бөлігі;
– «Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ботақара» автожолының 231-324 шақырым аралығы, Павлодар облысының шекарасынан Ботақара кентіне дейін.
Жол қозғалысын 26 ақпан күні сағат 09:00-де қайта ашу жоспарланған.
Қосымша ақпаратты тәулік бойы 1403 байланыс орталығына хабарласу арқылы алуға болады.
Бұған дейін 25 ақпанда елдегі қай жолдарда қозғалыс шектелгені хабарланды.