Оқиға орнына келген ТЖМ құтқарушыларының жедел әрі кәсіби әрекеттерінің арқасында автокөліктер батпақтан тазартылған жол бөлігіне сүйретіп шығарылды.
— Көліктердің ішінде 18 адам болды. Зардап шеккендер жоқ. Медициналық көмек ешкімге қажет болған жоқ, — делінген хабарламада.
ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады.
— Алыс жолға шығар алдында ауа райы мен жол жағдайын нақтылап, мүмкіндігінше жолсыз жерлермен жүруден аулақ болыңыздар, — дейді мамандар.
Бұған дейін Павлодар өңіріндегі оқушылар ми батпақтан ауыл ішіндегі мектепке жете алмай жүргенін жаздық.