Қарағанды облысында бірінші және екінші ауысымдағы сабақтардың уақыты қысқартылды

Қарағанды облысына бірінші және екінші ауысымда оқитын оқушыларға сабақ сағат 10-00-де басталып, 30 минуттан болады, деп хабарлайды Kazinform облыстық білім бөлімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фото: Ғани Бейсембаев/Facebook

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, өңірде 2023 жылғы 14 желтоқсанда температураның төмендеуіне байланысты барлық оқушылар үшін бірінші ауысымдағы сабақтар сағат 10.00-де 30 минуттан қысқартылған сабақтармен басталатын болады. Екінші ауысымдағы сабақтар сағат 14.00-де 30 минуттық сабақтармен басталады.

«Сонымен қатар, ауа-райының қолайсыздығына байланысты 0-4 сынып оқушыларының ата-аналарына баланың мектептен қашықтығын ескере отырып, баланың мектепке баруы немесе бармауы туралы шешімін сынып жетекшісіне хабарлау қажет екенін ескертеміз»,-делінген хабарламада.