Жедел құтқару жасағының құтқарушылары көрсетілген координаттар бойынша дереу шықты.
— Құтқарушылардың жедел әрекеттерінің арқасында құтқарылған балықшылар жағаға жеткізілді. Медициналық көмек қажет болмады, — делінген хабарламада.
Еске салсақ, бұған дейін Балқаш көлінде төрт балықшыны ағыс алып кеткені хабарланды.
Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысында жағаға жете алмай қалған 4 балықшы құтқарылғаны мәлім болды.
Бұдан бөлек, Төтенше жағдайлар министрлігі балықшыларға ескерту жасағаны белгілі болды.